Алемдар Мустафа-паша (1755—1808) - Түркияның саяси және мемлекеттік қайраткері. 1806 жылдан Рущук аймағының аяны (әкімі). Селим ІІІ құлатылғаннан кейін "Рущук достары" құпия саяси ұйымын басқарды (1807 ж.) 1808 ж. шілдеде Стамбулда мемлекеттік төңкеріс жасады. Янычар сұлтаны тағайындаған Мұстафа ІV-ні құлатты. Махмұд ІІ тұсында ұлы уәзір қызметін атқарды. Феодалдық анархияны жоюға бағытталған прогрестік реформалар жариялады. Көтеріліс жасаған янычарларға қарсы соғыста қаза таптыҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 томМиллер А.Ф., Мустафа паша Байрактар, М.-Л.,1947
Дереккөздер
.
Санат:Түркия