Наурызбай — Алматы облысы Балқаш ауданындағы көл. Майтан кентінен шығысқа қарай 12 км жерде, теңіз деңгейінен 343 м биіктікте орналасқан.
Гидрографикасы Ауданы 5,06 км2, ұзындығы 3,2 км, ені 2,2 км. Көлді Нарын өзені жарып ағады.
Жағалау сипаты Жағалауы жайпақ, жыра-жылғамен тілімделген. Су деңгейі маусым-шілдеде көтеріледі. Суы тұщы болып табылады. Көлде Іле, Балқаш көкбасы, алабұға, аққайран, көксерке, тұқы және т.б. көптеген балық түрлері кездеседі.Жетісу, Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.
Дереккөздер
Санат:Балқаш ауданы көлдері Санат:Балқаш су алабы