Интерпретоскоп (лат.interpretor - түсіндіремін, талқылаймын және грек skopeo - көремін, бақылаймын) - аэросуреттері топографиялық жағынан ажырату үшін қолданылатын аспап. Ол бір масштабты, форматы 30х30 см-ге дейінгі аэросуреттерді (немесе фотопланды), сондай-ақ кесілмеген аэрофильмдерді де шағылған немесе өткінші жарықтың көмегімен бақылайды. Интерпретоскоп арнаулы жабдық арқылы 2-ден 15 есеге дейін үлкейтеді. Бейненің үлкеюі, жарықтылығы және оптикалық бұрылысы бірден қос аэросуретке және әрбір аэросуретке бейімделіп реттеледі. Параллакстер 0, 02 мм-лік дәлдікпен өлшенеді. Прибордың бақылау жүйесінде объектердің пландағы кескіні мен биіктігін өлшейтін арнаулы жабдық (нүктелік марка мен шкала) бар. Интерпретоскоп негізгі жұмысынан басқа жер бетіндегі (фототеодолиттік) және зертханадағы стереофотографияларды қарауға , айқындалған контурлар мен нүктелерді оптикалық тәсілмен көшіруге де қолданылады. Интерпретоскоптың кейбір түрлерінде екі окуляр және картографиялық жұмыстарды жеңілдететін жабдықтар болады. Ол негізінен Йенадағы (ГДР) Карл Цейс халықтық кәсіпорында жасалады.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974,5 том.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Сөздік Геоман

Санат:Топография Санат:Аспаптар