250px|нобай|оңға|Кәдімгі құрқылтай
Кәдімгі құрқылтай () - шымшыққа ұқсас кішкене денелі құс.
Биологиялық сипаттама Салмағы - 8—10 г. Жонындағы қауырсындар үлесі - сұрғылт қоңыр және басының екі жағында өзіне тән қара бөртпелері бар. Құрқылтай ұдайы болатын ағаштардың бөрікбасында өзінің бар екенін «тсссии...тсссии» деген назды ызыңмен жиі айқын білдіреді. Қолғап тәрізді ерекше ұяны жыл сайын жаңадан тоқиды, кейде оған сақталған ескі ұялардың мамығы мен тінін пайдаланады. Салындыдағы 7-8 ақ түсті жұмыртқаларды аналығы 12-14 күн басады. Ол қалай болғанда да балапандарды өзі қоректендіреді. Аталық бұл кезде жаңа ұя салу үшін аналыққа жағынады. Бір аналықта бірнеше аталықтардың болуы да (бұл полигамия деп аталады) мүмкін. Балапандар ұядан 23 күн шамасында кетеді де ұяластарымен ұзақ бірге болады. Бәлкім, ұяластар қыстауға ұшып кеткенге дейін бірге болуы да ықтимал.
Қазақстанда құрқылтайлар соңғы рет қазанның 13-інде кездеседі.
Таралуы Қазақстанда бұл жайылымдық тоғайлар тұрғыны жеке үлескілерде: Жайық өзенінің алабында өте көп, сондай-ақ Семейдің төменгі жағындағы Ертіс жайылмасында және солтүстік орманды дала бойынша кейбір жерлерде таралған. Қазақстан шегінде, өте таяу болса да Оңтүстік Каспий маңында және Өзбекстанның шекаралас жерлерінде қыстайды.Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010
Дереккөздер
Санат:Құрқылтайлар Санат:Жануарлар Санат:Еуразия құстары