Ит жуа () – амариллистер тұқымдасының жуа туысына жататын көп жылдық шөптесін өсмдік. Сабағының биіктігі 20-40 см, таспа тәрізді 3-5 жапырақты. Көлбеу тамыр сабағында қоңыр қабықшалы, сопақша келген 1 – 4 жуашық болады. Гүлі қызғылт күлгін, жартылай шатырша құрады, мамыр – маусым айларында гүлдейді. Ит жуа шөлді құрғақ далалы жерде, аздап құмда өседі.Европаның оңтүстік – шығысында, Қазақстанда Каспий, Арал теңіздерінің төңірегінде, Ақтөбе, Торғай облыстарында, Бетпақдалада кездеседі. Дерек көздер http://zhelva.narod.ru/photo5/a-globosum.htm http://www.innature.kz/print.php?type=A&item_id=1528
Санат:Амариллистер