Майкөбен, Майкөбең – Ащысу алабындағы ағынды көл.
Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік ауылынан батысқа қарай 10 км жерде, теңіз деңгейінен 233 м биіктікте жатыр. Аумағы 5,5 км2, ұзындығы 2,6 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 7,9 км.
Сипаты Ащысу өзені өтетін (3 км жерден) шығыс жағалауы батпақты. Онда қамыс, құрақ шоғырлары кездеседі. Басқа жағалауларында қамыс сирек. Шарасында жыл бойы су болады. Көктем айларында суы сәл ашқылтым, жазда тұзды. Қараша айының ортасында суы қатып, сәуірдің 1-жартысында ериді. Жағалауы - шабындық.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Баянауыл ауданы көлдері