Ратенау Вальтер (; 29. 9. 1867, Берлин,—24. 6. 1922, Берлин) — герман өнеркәсіп иесі, саяси қайраткер, публицист. 1915 жылдан Жалпыға бірдей электр компаниясы басқармасының председателі болды. Германияның Версаль бітім шарты (1919) негізінде жүктелген міндеттемелерді орындауын қолдады. 1922 ж. ақпанда сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Генуя конференциясында (1922 ж. сәуір) Кеңестік Ресеймен даулы мәселелерді реттеуге және Германияның халықаралық жағдайын едәуір жақсартуға ат салысып, Рапалло шартына (1922) қол қойды. Құпия ұлтшыл террористік «Консул» ұйымы мүшелерінің қолынан қаза тапты.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том Дереккөздер

Санат:Германия тұлғалары