Мейрамхат Кәрібекұлы Айнабеков (4 қараша 1953, Аягөз ауданы, Семей облысы, Қазақ КСР) — Семей қаласының бұрынғы әкімі.
Өмірбаяны Арғын тайпасындағы Қуандық ішіндегі Мамадайыр руынан шыққанАлтай шежіресі, жауапты редактор -- Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014.
Аягөз қалалық дене шынықтыру және спорт комитеті төрағасы, Шұбартау аудандық атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісі, одан кейін Шұбартау аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімі меңгерушісі, Шұбартау аудандық партияның атқару комитеті төрағасының орынбасары, Шұбартау аудандық партия комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарды.
1992-2000 жылдары — «Сарыарқа» көпсалалы компанияның бас директоры, мемлекеттік мүлік жөніндегі Семей облыстық аумақтық комитетінің төрағасы, Семей қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2001-2007 жылдары «Қазполиграф» АҚ директоры, директорлар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі, «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің ұлттық одағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі, Шығыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы Экономикалық кеңес төрағасының орынбасары лауазымында еңбектенді.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2007 жылғы 12 наурыздағы № 36-қ өкімімен Семей қаласының әкімі болып тағайындалды.
Облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды. Бірнеше рет шетелде (АҚШ, Германия, Голландия, Израильде) білім алған.
2022 жылдың тамызында Абай облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Марапаттары «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарымен, мерейтойлық медальдармен, Құрмет грамоталарымен марапатталғанШығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданының «Аягөз» энциклопедиясы. 1 том. «Көркем» баспасы, Алматы - 2010 жыл.
2023 жылы III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
«Абай облысының құрметті азаматы».
Дереккөздер
Санат:Аягөз ауданында туғандар Санат:Семей әкімдері