Хелена Моджеевская (Helena Modrzejewska) (Елена) (12 қазан 1840 ж., Краков, - 8 сәуір 1909 ж., Ньюпорт, Калифорния) – поляк актрисасы.

Сахналық қызметін 1861 жылы провинциялық театрлардан бастады. 1865 – 1876 жылдары Краков және Варшава театрларында ойнады. 1876 жылдан АҚШ-та қызмет етті. Классикалық репертуардан Мария Стюарт (Шиллердің осы аттас трагедиясында), Офелия, Джульетта, Клеопатра (Шекспирдің «Отелло», «Ромео мен Джульетта» және «Антоний мен Клеопатрасында»), Маргарита (Гетенің «Фаустында») т.б. рольдерді ойнап, лириканы драматикалық бояумен шебер шендестірдіҚазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев.

Дереккөздер