Гангстерлік жасақ () — режиссер Рубен Флейшердің 2013 жылғы америкалық қылмыстық триллер. Фильм нақты оқиғаларға негізделген Уилл Биллдің сценарийі бойынша түсірілген.

Сюжеті Лос-Анджелес, 1946 жыл. Бруклиннен шыққан Микки Коэн есірткі, қару-жарақ және жезөкшелер саудасымен айналысып, қаланы өз бақылауында ұстап отырған қандықол банда басшысы. Оны баскесерлер ғана емес, сатқын полицейлер мен саясаткерлер де қолдайды. Оның көшедегі кез-келген полицейге әмірі жүреді, бірақ оған қарсы тұра алатын да сақшылар бар екен. Лос-Анджелес полиция депатаментінде сержант Джон О’Мара мен Джерри Вутерс бастаған қызметкерлердің жасырын тобы Коэннің қылмыс әлемін жою үшін күш біріктіреді.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Санат:2013 жылғы АҚШ фильмдері Санат:АҚШ атыс-шабыс фильмдері Санат:2013 жылғы атыс-шабыс фильмдері Санат:Гангстерлік фильмдер Санат:АҚШ триллер фильмдері Санат:Warner Bros. фильмдері Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер Санат:Рубен Флейшер фильмдері