Шетен қора - талдан тоқылған шаруашылық құрылысы. Ол құрылыс материалдары тапшы жерлерде тұрғызылады. Шетен сөре ұзындығы 3-3,5 м, биіктігі 1,5-2 м етіп жас талдан тоқылады. Бұл үшін ұзындығы 2-2,2 м, диаметрі 3-3,5 см ұшталған қадаларды бір-бірінен 30 см жерге қадайды да, жіңішке жас шыбықтарды бірін астынан, бірін үстінен алып, қадаларын алма кезек айналдыра, төменнен жоғары қарай өріп, тоқиды. Осылай даярланған шетек сөрелерді біріне-бірін жалғастырып, түйістіріп, төбесін жауып, мал қоралар, төл қамайтын орын, ықтасын, құрал-жабдықтар сақтайтын қоймалар, т.б. шаруашылыққа қажетті құрылыстар жасалынады. Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Шетен қора · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.