Қарапішен – Ақшатау жотасының оңтүстігіндегі тау.

Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Айғыз ауылының солтүстік-шығысында 32 км жерде орналасқан. Аягөз өзенінің аңғарында.

Жер бедері Абсолюттік біктігі 987 м. Солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай шамамен 5 км-ге созылған, енді жері 3-4 км. Оңтүстік беткейі тіктеу, солтүстікке қарай көлбеуленіп сай-жыралармен, өзен аңғарларымен тілімденген. Батысында Терісайрық қонысы, шығысында Қарашоқы тауы, оңтүстігінде Ақбастау, Айтуар қыстаулары орналасқан.

Өсімдігі Аласа таудың қоңыр топырақ жамылғысында далалық өсімдіктер, өзен аңғарларында қараған, тобылғы, тасжарған, көктерек, тал өседі. Мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы таулары