Федор Саваренский (1881 — 1946) — көрнекті совет гидрогеологы, геология-минерология ғылым докторы, КСРО ғылым академиясының акадимигі (1943; 1939 жылдан бастап корреспондент-мүшесі), КСРО жіне Ресейдегі инженерлік геология ғылымының негіздеушілерінің бірі. Ұлы Евгений Федорович Саваренский — Кеңес одағының геофизик-сейсмологы, КСРО ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (1966). Мәскеу университетін бітірген. Қызмет жолы 1910-17 ж. Тула, Псков, Полтава губерняларының топырағын зерттеді. 1917-35 ж. Волга мен Днепр бойында, Азербайжанда гидрологиялық зерттеулер жүргізді. 1935 ж. КСРО ҒА құрамында Федордың басшылығымен гидрология және инженерлік геологияның тұрақты комиссиясы құрылды. Кейіе бұл комисси мәселелік лабороторияға айналды, оған Федордың есімі бекрлді. 1919 жылдан Федор Мәскеу мен Саратовтың жоғары оқу орындарында гидрология мен инженерлік геологиядан лекция оқыды, кафедра ұйымдастырды, оның меңгерушісі болды. Федор - жер асты суларының қалыптасуы жөніндегі ілімнің негізін салушы, ірі ғылыми еңбектердің авторы, жаратылыстану және бірнеше ғылыми қоғамдардың мүшесі.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 9 том
Дереккөздер
Санат:КСРО геологтары