Ескендір бей, Георгий Кастриоти (; 6 мамыр 1405 жыл — 17 қаңтар 1468 жыл) — албан халқының османлы басқыншыларына қарсы азаттық күресінің басшысы, Албанияның ұлттық қаһарманы.

Өмірбаяны Османлы сұлтан II Мехметке қарсы күресте даңқы шықты. 1443 жылдың қарашасының орта шенінде 300 сарбазымен османлы әскери шатырын тастап, Дибраға келді. Ерікті шаруалардан әскери жасақтарын құрды. Круяға келіп кірді де, 28 қарашада Кастриоти князьдігінің басшысы болып жарияланды. Петреля, Стелюши, Торчан бекінісінен османлы гарнизондарын қуды. Халық жасақтарынан тұрақты әскер құрып, албан феодалдарын біріктіру жолына күрескен болатын. Ескендір бейдің басшылығымен албан халқы өз үстемдігін қайта орнатпақ болған османлыларға 24 жыл бойы тойтарыс берді. Дарынды мемлекет қайраткері Ескендір бей Венеция мен Рим Папасының пайдақорлық саясаты мен албан феодалдарының алауыздығынан туған ішкі және сыртқы саяси зор қиыншылықтарды жеңе білді.Қазақ совет энциклопедиясы, 6 том / М.Қ.Қаратаев

Дереккөздер

Санат:6 мамырда туғандар Санат:17 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:Албания тарихы Санат:Безгектен өлгендер Санат:Ұлт-азаттық қозғалыстардың көсемдері Санат:Кастриоттар әулеті Санат:Ақша белгілеріндегі тұлғалар