Сорғы бекеті – сорғылық агрегаттар, құбырлар, т.б. қосымша құрылғылар мен арнайы жабдықтардан және бұлар орналасқан ғимараттардан тұратын құрылыс. Сорғы бекетінің жер үстілік, жартылай жер астылық және жер астылық, сондай-ақ жүзбелі түрлері (баржа не понтонның үстіне орнатылған) бар. Сорғы бекетін адам басқарады не автоматты түрде басқарылады. Сорғы бекеті суландыру жүйесінде суды жоғары шығару немесе құрғатылатын жерден суды сарқу, кеме қатынасы арнасына су жіберу, мұнай тасымалдау, т.б. мақсаттар үшін пайдаланылады. Қазақ энциклопедиясы Дереккөздер
Санат:Су шаруашылығы Санат:Құрылыстар