Ызақұдық – Сырдарияның оң жағалық аңғарының Шардара даласындағы құмды алқап.

Географиялық орны Түркістан облысы Шардара ауданында орналасқан.

Жер бедері Сырдария өзенін бойлай солтүстіктен оңтүстікке қарай 62 км-ге созылған, енді жері 18 км, ауданы 845 км2. Ұсақ төбелі және шағыл құмды алқап аллювий және жел әрекетінен түзілген. Шығысында жонды-белесті (адырлы) жазыққа тіреледі.

Климаты Климаты шөлдік, қаңтар айының жылдық орташа температурасы –4°С, шілденікі 28°С, жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм.

Өсімдігі Бозғылт сұр, ашық сұр түсті құмдақ топырағында ебелек, аққурай, қоңырбас, ал шалғынды-сұр топырақты ойпаң жерлерде арпабас, көбенқұйрық, т.б. эфемерлі шөптесіндер өседі. Құмды алқап жыл бойғы мал жайылымы саналады.Қазақ энциклопедиясы, 9 т.

Дереккөздер

Санат:Түркістан облысы құмдары