Қарасор — Сілетітеңіз алабындағы көл.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы Қараағаш ауылынан солтүстік-батысқа қарай 16 км жерде, теңіз деңгейінен 21,7 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Созылыңқы келген көлдің аумағы 21,4 км2, ұзындығы 15,1 км, енді жері 2,3 км, жағалау бойының ұзындығы 41,8 км. Батысы мен шығысы жарқабақты, қалған жағалаулары жайпақ. Онда қамыс шоғырлары өскен. Алабының басым бөлігі жыртылған. Жазда көл суы азайып, шалшықты батпаққа айналады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ғабит Мүсірепов ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы көлдері