Қарасор — Сілеті алабындағы көл.

Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданының солтүстігінде, Бестөбенен оңтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 16,6 км2 (қуаңшылық жылдары 5,9 км2 болады). Теңіз деңгейінен 159 м биіктікте жатыр. Көлдің ұзындығы 7,9 км, енді жері 2,3 км, жағалау бойының ұзындығы 29,6 км. Суы 395 км2 жерден жиналады. Негізінен қар суымен толысады. Шағын 6 сала құяды. Суы тұзды және кермекті. Қуаңшылық жылдары кеуіп қалады.

Жағалау сипаты Жағалауы жайпақ, түбі лайлы. Солтүстік-батысы мен оңтүстік жағалаулары өте қатты тілімденген. Көктемде мал суаруға пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ерейментау ауданы көлдері Санат:Сілеті су алабы