Қарасор – Торғай алабындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Жангелді ауданы Ақкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 13 км жерде, теңіз деңгейінен 98 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Дөңгелек пішінді келген көлдің аумағы 9,3 км2, ұзындығы 4,4 км, енді жері 3 км, жағалау бойының ұзындығы 16 км. Көлдің оңтүстік-батысында Ақкөл көлі жатыр. Қарасор арқылы Ұлы Жыланшық өзені ағып өтіп Ақкөл көліне құяды. Жазда көл суы азайып шалшықты батпаққа айналады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жангелді ауданы көлдері Санат:Торғай су алабы