Маркус Рашфорд (; 31 қазан 1997 жылТransfermarkt.com—2000, ) — ағылшын футболшысы, «Манчестер Юнайтед» футбол клубының және Англия Ұлттық құрамасының шабуылшысы.

Манчестер Юнайтед академиясының түлегі, ол осы клубта 7 жасынан бастап ойнады. Негізгі құрамда дебютін 2016 жылдың ақпан айында жасады. Сол жылдың мамырында ұлттық құрамада алғаш ойынын өткізіп, Англия сапындағы дебюттік ойында гол салған ең жас ойыншы атанды https://news.sportbox.ru/Vidy_sporta/Futbol/national_teams/spbnews_NI614509_Reshford___samyj_molodoj_igrok_sbornoj_Anglii_zabivshij_v_debutnom_matche.

Ол Ұлыбританиядағы нәсілшілдікке қарсы күрес, үйсіздер мен балаларға көмек көрсету сияқты қозғалыстардың белсенді қатысушысы https://www.independent.co.uk/sport/football/premier-league/marcus-rashford-charity-donate-food-children-fareshare-man-utd-a9475846.html.

Мансабы Клубтық Манчестердің туылмасы, Маркус Рашфорд бала кезінен «Флетчер Мосс Рейнджерс» командасында ойнаған. 2005 жылы 7 жасында «Манчестер Юнайтед» академиясыңа ауысты.

25 ақпан 2016 жылы «Манчестер Юнайтед» сапында тұңғыш рет алаңға шықты.

30 мамыр 2016 жылы Манчестер Юнайтед шабуылшымен 2020 жылға дейін келісім шартты ұзартты.

Жаздық үзілісте өзінің 39 нөмірін 19 нөміріне ауыстырды.

Ұлттық құрама U-16 және U-18 Англия Ұлттық құрамаларында ойнаған. Өзінің негізгі құрамындағы ең алғаш голын соғу үшін 138 секунд қажет болды. Содан кейін Англия құрамасының бас бапкері Рой Ходжсон Рашфордті жазда Францияда өтетін Еуропа чемпионатыңа қосты.

Жетістіктері

Командалық

Манчестер Юнайтед

Англия кубогы: 2015/16; 2022/23 (екінші орын) Лига кубогы: 2016/17, 2022/23 Англия суперкубогы: 2016 Еуропа лигасы: 2016/17; 2020/21 (екінші орын)

Англия

Еуропа біріншілігінде екінші орын: 2020 УЕФА ұлттар лигасында үшінші орын: 2019 Әлем чемпионатында төртінші орын: 2018

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Англия футболшылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Англия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Астон Вилла ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары