Амангелді — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Дамбы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Облыс орталығы Атырау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км-дей жерде, Жайық өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.
Тарихы нобай|солға|300px|Амангелді ауылы. 1956 жыл. Мұрағат жазбаларында Амангелді атындағы колхоздың алғашқы ұйымдасуы мен өркендеуі – қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы территориясында болған. Бұл өңірдегі негізгі шаруашылық балық аулау болғандықтан, алғашқы кезде «Рыболовецкое кредитное товарищество» деген серіктік құрылып, оған ауылдағы бар адамдар біріктіріле бастаған. Сөйтіп, 1929 жылы наурызда Забурын ауылдық советіне қарайтын әр түрлі серіктіктер құрылған.Атырау облыстық мемлекеттік мұрағаты; 1215-қор, 231-іс, 4-байлам. Колхоз Дамбы елді мекеніне 1956 жылы келіп қоныстанған. 1955-56 жылдары Забурын ауыл Советінен Аманкелді колхозын Дамбы ауылына көшіру туралы қаулысынан кейін көшіп келген.Каспий таңы газеті. 14 июль 1967 жыл. Дамбы ауылының құрамында болып, кейіннен Амангелді ауылы болып бөлініп шықты.
Халқы 1989 жылы елді мекенде 322 адам тұрған.1989 жылғы Қазақ КСР бойынша Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том 1999 жылы тұрғындар саны 478 адам (242 ер адам және 236 әйел адам) болса, 2009 жылы 1814 адамды (863 ер адам және 951 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1754 адамды (844 ер адам және 910 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Әлеуметтік және мәдени нысандары нобай|солға|200px|Өнер мектебі Дамбы өнер мектебі "Дамбы" ауылдық мәдениет үйі
Шаруа қожалықтары және кәсіпкерлік Ауылда «Амангелді»,https://strategy2050.kz/news/19110/ «Тілекші» балық аулау кооперативтері, монша, көлік жуу нысандары, сұлулық салоны, шағын маркеттер т.б.бар. Елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады. Елді мекендегі көшелер Абай көшесі Амангелді көшесі Жалмұхан Бермағамбетов көшесі Жангелдин көшесі Желтоқсан көшесі Наурыз көшесі Стадион көшесі
Ауыл суреттері Дамбы ауылдық мәдениет үйі Ұлы Отан соғысына қатысушыларға обелиск 1970 жылдар басында салынған аялдама Сұлулық салоны Пошта орта|200px| орта|200px| орта|200px| орта|200px| орта|200px|
Дереккөздер
Санат:Атырау қалалық әкімдігі елді мекендері