III Ахмет (; ақындық лақап аты — Нәжіп (); 12 желтоқсан 1673 — 1 маусым 1730) — Османлы мемлекетінің 23-ші сұлтаны, Ислам халифатының 88-ші халифі, ақын.
Өмірбаяны III Ахмет 1673 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны IV Мехмет шаңырағында дүниеге келді.
Билеген жылдары Қырым ханына Ресейге қарсы соғыста көмектесті. 1709 жылы Полтава шайқасында жеңілген швед патшасы XII Карл III Ахметтен баспана сұрады. Османлы үкіметі шведтердің ресейліктерге жеңілісіне аса таңғалды. 1710 жылы османлы-ресей соғысы басталды. Ресейдің 1711 жылғы Прут жорығы балқандық христиандардан көмек таппаған І Петр үшін сәтсіз аяқталып, қоршалған ресейлік әскер берілді. 23 шілдеде Прут бітім шарты бекітілді. Бұл бітім шарт бойынша ресейліктер османлыларға Азовты өткізді. Сондықтан ресейліктер азов эскадрасын жоюға мәжбүр болды, бірақ 4 кемені жоймай, османлыларға тиімді сатты.
1715 жылы османлылар Венецияға соғыс ашып, Мореяны оңай жаулап алды. Ал 1716 жылы Аустрия османлыларға соғыс ашты. Еуген фон Савойен бастаған аустриялық әскер османлы әскерін 1716 жылдың 5 тамызында Петерварадин шайқасында, ал 1717 жылы Белград түбінде жеңіп, қаланы басып алды. 1718 жылдың 21 шілдесінде жасалған Пожаревац бітім шарты бойынша османлылар аустриялықтарға Солтүстік Босния, Солтүстік Сербия, Белград, Банат және Кіші Валахияны өткізді.
нобай|солға|250px|Наушаһарлы Дамат Ибраһим паша Франция елшілігін қабыл етуі. Жан-Баптист ван Мур. 17 қазан 1724 жыл
Қызғалдақтар дәуірі Соғыс аяқталған соң, III Ахмет османлылардың еуропалықтардан соғыс өнері, ғылым, мәдениет және т.б. салаларда артта қалғанын көріп, елдің осы салаларда даму іс-шараларын ұйымдастыруға кірісті. Сұлтан бұйрығымен Францияға елшілік жіберілді. Бұл елшілік Францияның мемлекеттік құрылымын, ғылымын, мәдениетін, француздардың тұрмысын зерттеу үшін жіберілді. 1720 жылы Францияға келген елшілік керекті деректерді "Сапарнама" кітабында жинады. Мехмет әфенді бастаған елшілік елге оралып, диуанда сұлтан мен уәзірлерге Франция жайлы мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде француздардың ғылым мен мәдениетте, соғыс ісінде жасаған жетістіктері жайлы айтылды. Сапаратнама кітабында сипатталған француздардың тұрмысы мен еуропалықтардың сән-салтанаты османлы шонжарларын өте қызықтырды. Сондықтан сол кезде Османлы мемлекетінде қызғалдақтарды өсіру сәнге айналды. Кейін қызғалдақтардың өсірілуі сәнге айналғаны сонша — 1718-1730 жылдар османлы тарихында "Лала дәуірі" () деген атаумен әйгілі. Садрағзам Наушаһарлы Дамат Ибраһим паша басшылығымен елде сауаттылық деңгейі өсті, османлы тіліне көптеген ғылыми еңбектер аударылды. Ғалым Ибраһим Мүтеффериқа алғашқы османлы типографиясын ашты. 1729 жылдың 31 қаңтарында бұл типографияда 1 000 данамен алғашқы османлы тіліндегі кітап басылды.
Тақтан тайдырылуы 1720 жылдары ауған падишаһы Ашраф ханның Иранға кіруін пайдаланып, османлылар сефевидтерге батыстан шабулдап, Күнгей Кавказ бен Батыс Ирандағы көптеген жерлерді жаулап алды. Бірақ жолда олар Ашраф хан әскеріне кезігіп, ауғандардан жеңілді. Бұл хабар Константинопольге жеткенде, Патрон Халил төңкерісі басталып, 1730 жылдың 1 қазанында садрағзам Наушаһарлы Дамат Ибраһим паша өлім жазасына кесілді, ал келесі күні сұлтан III Ахмет тақтан тайдырылды.
Ажалы Сұлтан тайдырылуынан алты жыл өткен соң, 1736 жылдың 1 маусымында III Ахмет қайтыс болды. Мәйіті әжесі Тұрхан Қадиша салған Жаңа Уәлиде сұлтан мешітінің жаңындағы мазарда жерленді.
Суреттері
Садрағзамдары № Есімі Қызмет атқарған мерзімі Уақыты 131 Каваноз Ахмет паша 22 тамыз 1703 — 16 қараша 1703 3 ай 132 Дамат Хасан паша 18 қараша 1703 — 28 қыркүйек 1704 10 ай 133 Қалайлыкөз Қажы Ахмет паша қазан 1704 — 25 желтоқсан 1704 2 ай 134 Балташы Мехмет паша 25 желтоқсан 1704 — 3 мамыр 1706 1 жыл 5 ай 135 Дамат Шорлылы Әли паша 3 мамыр 1706 — 15 маусым 1710 4 жыл 1 ай 136 Көпрүлізада Дамат Нұман паша 16 маусым 1710 — 17 тамыз 1710 2 ай 137 Балташы Мехмет паша 18 тамыз 1710 — 20 қараша 1711 1 жыл 3 ай 138 Гүржі Аға Жүсіп паша 20 қараша 1711 — 11 қараша 1712 1 жыл 139 Силахдар Сүлеймен паша 12 қараша 1712 — 6 сәуір 1713 5 ай 140 Қожа Ибраһим паша 6 сәуір 1713 — 7 сәуір 1713 1 күн 141 Силахдар Дамат паша 27 сәуір 1713 — 5 тамыз 1716 3 жыл 4 ай 142 Қажы Халил паша 21 тамыз 1716 — қазан 1717 1 жыл 2 ай 143 Нышаншы Мехмет паша қазан 1717 — 9 мамыр 1718 7 ай 144 Наушаһарлы Дамат Ибраһим паша 9 мамыр 1718 — 1 қазан 1730 12 жыл 6 ай
Санат:30 желтоқсанда туғандар Санат:Стамбулда туғандар Санат:Османлы империясының сұлтандары