Георге Хаджи (; 5 ақпан, 1965 жыл, Сэчеле (Констанца), — румын футболшысы, жартылай қорғаушы, 20 ғасырдағы Румынияның ең үздік футболшысы. Футболшы жайлы фактілер Румыния құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы. Қазір "Виторул" (Констанца) клубының жаттықтырушысы.
Соққысы өте күшті және сол аяғымен орасан қуатты соққы жасай алатын қабілетімен танымал болған. Оның тепкен доптары көбіне ешкім күтпеген траекториямен ұшып, қарсыласты жаңылдыратын. Алаңды бір сәтте көзбен-ақ оқи алатын, дитпетчерлік қасиетімен көпке белгілі спортшы.
1984-2000 жылдар арасындағы Румыния құрамасы жолдама алған құрлықтық және әлемдік чемпионаттардың барлығына да қатысқан. Испаниядағы бітіспес қарсыластар — "Реал" мен "Барселонаның" екеуінде де ойнаған санаулы футболшының бірі.
ФИФА анықтаған аяқдоп тарихындағы 100 үздік футболшының тізіміне енген. Статистикасы
Халықаралық ЖылдарОйынГол198350198491198510419868319878219884219898019901121991621992541993511994115199531199681199764199871199942200060Бары12435
Жетістіктері Футболшы ретінде
"Стяуа" сапында Румыния чемпионы (3): 1986/87, 1987/88, 1988/89 Румыния кубогы (3): 1986/87, 1987/88, 1988/89 УЕФА Суперкубогы: 1986 УЕФА Чемпиондар Кубогы: 1988/89
"Реал Мадрид" сапында Испания суперкубогы: 1990
Барселона" сапында Испания суперкубогы: 1994
"Галатасарай" сапында Түркия чемпионы (4): 1996/97, 1997/98, 1998/99, 1999/00 Түркия кубогы (2): 1998/99, 1999/00 УЕФА Суперкубогы: 2000 УЕФА Кубогы: 1999/00
Бапкер ретінде
"Галатасарай" Түркия кубогы: 2004/05
"Вииторул" Румыния чемпионы: 2016/17
Жеке өмірі Ұлы Янис Хаджи (1998 жылғы) — кәсіпқой футболшы. Сыртқы сілтемелер Карпат Марадонасы Өзінің академиясындағы профилі Санат:5 ақпанда туғандар Санат:Румыния футболшылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Галатасарай ФК ойыншылары Санат:Румыния Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары