Вахид Юнусұлы Масудов (10 қазан 1959, Жамбыл, Қазақ КСР, КСРО) — КСРО және Қазақстан футболшысы. Жартылай қорғаушы. Футболшылық ғұмырын аяқтаған соң бапкерлікпен айналысты. КСРО спорт шебері (1986). Бапкерліктің "А" санатын иеленгенВахид Масудов получил категорию «А» . «Алтай» футбол клубының бас бапкері.
Мансабы
Футболшы Карьерасын Жамбылдың "Химик" командасында бастады. 1980 жылы "Қайрат" сапына өткен ғана бүкіл одаққа таныла бастады. Көп ұзамай-ақ алматылық клубтың капитаны боп тағайындалды.
1987 жылы Алматыда "Днепрдің" қақпасына соққан голы "Айдың үздік голдары" тізіміне енді. Бұрыштамадан әуелеп келе жатқан допты тоқтатпай алыс бұрышқа дәл тоғытты. Бұл кезде есеп 1:1 болып тұрған еді. Масудовтың голынан соң "Қайрат" 2:1 есебімен жеңіске жетті.
1990 жылы ғана "Қайраттан" кетіп, "Терек" клубына барды. Бірақ бір маусымнан соң тағы да "Қайратқа" оралды.
1993 жылы "Достық" футболшысы атанды. 1993-94 жылдары Германияның төменгі лигаларында ойнады. 1995 жылы "Ақтөбе" қатарын толықтырды.
Ұлттық құрама Ұлттық құрама сапында 1992-96 жылдары ойнады. 1992 жылы құраманың бірінші матчында (Түрікменияға қарсы, 1 маусымда) Талғат Байсуфиновтың орнына екінші таймда алаңға шықты.
Бапкерлік Бапкерлік карьерасында 2001-02 жылдары Қазақстан Ұлттық құрамасын баптады. Ол команданы 2002 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіне дайындады. Бірақ құрама сәтсіздеу ойнап, бірінші кезеңде Ирак құрамасынан тек доп айырмасы арқылы ғана артта қалды.
Масудовтың кезінде Ұлттық құрама бірінші рет еуропалық командамен ойнады. 2001 жылы 14 қараша күні сырт алаңда Эстониямен сынға түсіп, 0:0 есебімен тең түсті.
2018 жылы "Атырау" командасының бас бапкері боп тағайындалды.
Жетістіктері
Ойыншы ретінде
Қазақстан чемпионы: 1992, 1995 Қазақстан кубогы: 1992, 1995, 1996/1997 КСРО футбол федерациясы кубогы: 1988
Бапкер ретінде
Қазақстан кубогы: 2008/09 Бірінші лига жеңімпазы: 2010 Дереккөздер
Сілтемелер Профиль
Санат:КСРО футболшылары Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Хорезм ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Қайсар ФК ойыншылары Санат:Ахмат ФК ойыншылары Санат:Достық Алматы ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Спартак Семей ФК ойыншылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Қайрат ФК жаттықтырушылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК жаттықтырушылары Санат:Восток Өскемен ФК жаттықтырушылары Санат:Ақтөбе ФК жаттықтырушылары Санат:Жетісу ФК жаттықтырушылары Санат:Жеңіс ФК жаттықтырушылары Санат:Ордабасы ФК жаттықтырушылары Санат:Астана ФК жаттықтырушылары Санат:Ақжайық ФК жаттықтырушылары Санат:Атырау ФК жаттықтырушылары Санат:Тараз ФК жаттықтырушылары Санат:Қазақстан футбол жаттықтырушылары Санат:Алтай Өскемен ФК жаттықтырушылары