Ян Сухопарек (, 23 қыркүйек 1969https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/103479) — чехиялық футболшы, футбол жаттықтырушысы.
Карьерасы Туған қаласындағы "Кладно" клубының түлегі. 1988 жылы "Дукла" клубында кәсіпқой карьерасын бастады. Кейінгі карьерасында "Славия" (Прага), "Страсбур", "Теннис-Боруссия", "Кладно" клубтарында ойнады. 2005 жылы футболшылық карьерасына нүкте қойды.
1991 жылы 25 қыркүйек күні Норвегияға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Чехословакия сапында алаңға шықты. 1993 жылы қарашада Чехословакия екіге бөлінгенше 13 кездесу өткізіп үлгерді.
1994 жылдан бастап Чехия құрамасы сапында ойнады, 1996 жылғы Еуропа чемпионатында бес кездесуде (соның ішінде финал да бар) алаңға шықты.
2000 жылы ақпан айындағы құрамадағы соңғы кездесуін Ирландияға қарсы жолдастық кездесуде өткізді.
Жетістіктері
Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 1996
Дереккөздер
Сілтемелер Статистикасы Профилі
Санат:Чехословакия футболшылары Санат:Чехословакия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Чехия футболшылары Санат:Чехия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Чехия футбол жаттықтырушылары Санат:Славия Прага ФК ойыншылары Санат:Страсбур ФК ойыншылары Санат:Дукла ФК ойыншылары