Валерий Васильевич Лобановский (; 6 қаңтар 1939, Киев, Украин КСР, КСРО — 13 мамыр 2002, Запорожье, Украина) — КСРО футболшысы, КСРО және Украиналық футбол жаттықтырушысы.
Мансабы "Динамо" (Киев) клубын көп жыл жаттықтырған бапкер, екі рет бапкер ретінде УЕФА Кубок иелері кубогын (1975, 1986), бір рет УЕФА Суперкубогын (1975) ұтып алды. Бұл посткеңестік клубтар арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш.
Үш рет КСРО құрамасының бапкері болды, 1975 жылы аз ғана уақыт жаттықтырса, екінші рет тізгінді 1982 жылғы әлем чемпионатынан соң қолға алды. Бріақ құрама 1984 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама ала алмады да, ол қызметтен кетті.
1986 жылғы әлем чемпионаты басталғалы тұрған шақта тағы да құрама бапкері боп тағайындалды. Чемпионатты 6:0 есебімен Мажарстанды ұтып, керемет бастады. Францияның өзін артқа тастап, бірінші орынмен 1/8 финалға шықты да, күтпеген жерде Бельгиядан 3:4 есебімен ұтылып қалды. Арада екі жыл өткен соң Еуропа чемпионатының финалына шықты, бірақ сол кездегі теңдессіз Нидерланд құрамасы бұларды тоқтатты.
1990 жылы әлем чемпионатында КСРО құрамасы топтын шыға алмады да, қызметтен кетті. Кейін БАӘ, Кувейт, Украина құрамаларын және тағы "Динамо" (Киев) клубын жаттықтырды.
2017 жылы УЕФА оны Еуропа тарихындаға 10 ұлы бапкердің тізіміне қосты.
Бапкер жайлы пікірлерhttps://www.facebook.com/ssybanbay/posts/1875722639222969 Александр ХАПСАЛИС (Киевтің «Динамосында» 1978-1981 жылдары ойнаған):
– Мен оны пір тұтамын. Лобановский – футболшы болып қана емес, адам ретінде қалыптасуыма да орасан зор ықпал еткен жан. Қай елге, қай қалаға барсақ та, ол бізді театрларға, мұражайларға ертіп баратын. Жаттығу жиындарына кітапсыз келсек, дереу кері қайтарып жіберуден тайынбайтын. Бөлмемізге дейін келіп, шынымен кітап оқып отырмыз ба, әлде жәй жастанып жатырмыз ба, тексеруге ерінбейтін. Өзі өте көп оқыған адам еді, қандай сұрақ қойсаң да жауап бере алатын. Бізді де көпшілік алдында сөйлей білуге үйрететін, тіпті жанкүйерлермен кездесуде өзінен бұрын шәкірттеріне сөз беруге тырысатын. Қазір мен телекамера алдында тұрып журналистермен сағаттап сұхбаттасуға еш қиналмаймын, мұның өзі – Васильичтің арқасы. Біреулер оны «диктатор болыпты-мыс» деп жазады. Бірден айтайын: бос сөз! Рас, ол тәртіпті және ұқыптылықты жақсы көрді, шәкірттерінен де соны қатаң талап етті. Егер кешкі сағат сегізден соң біздің бірімізді бардан немесе мейрамханадан көріп қалса, әуелі ақшалай айып төлеттіретін, егер тағы қайталанса – командадан мүлде шығарып жіберуге дейін баратын.
Василий РАЦ («Динамоның» 1981-1990 жылдардағы ойыншысы):
– Лобановский кез келген ойыншының пікірін тыңдайтын. Бірақ бәрібір өз принциптеріне өте берік адам еді. Жиналыстарда әркімнің өз ойын ашық айтуын талап ететін. Өзі де кемшілікті тура бетке басып айтатын кісі еді ғой. Сол себепті де, ұжымда топқа бөліну, біреудің сыртынан әңгіме айту деген болған жоқ. Кейде «Лобановскийдің қаталдығы талай таланттың түбіне жетті» деген сөздерді естимін де, күлкім келеді. Керісінше, ол жүздеген талапты жасты шебер ойыншы етіп қана емес, тамаша адам етіп тәрбиеледі.
Жетістіктері
Командалық
Ойыншы ретінде «Динамо» (Киев)
КСРО чемпионы: 1961 КСРО кубогы: 1964
Бапкер ретінде «Динамо» (Киев)
КСРО чемпионы (8): 1974, 1975, 1977, 1980, 1981, 1985, 1986, 1990 КСРО кубогы (6): 1974, 1978, 1982, 1985, 1987, 1990 КСРО суперкубогы (3) : 1981, 1986, 1987 Украина чемпионы (5): 1997, 1998, 1999, 2000, 2001 Украина кубогы (3): 1998, 1999, 2000 Куок иелері кубогы (2): 1975, 1986 УЕФА суперкубогы: 1975 Достастық кубогы (3): 1997, 1998, 2002
КСРО
Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері: 1976 Еуропа чемпионатының финалисі: 1988
Кувейт
Азия ойындарының қола жүлдегері: 1994 Парсы шығанағы ұлттары кубогы: 1996
Жеке
КСРО чемпионатындағы үздік 33 футболшыны (2): 1960 — № 2, 1962 — № 2 КСРО спорт шебері: 1960 Еуропадағы жыл бапкері (3): 1986, 1988, 1999 Еуропа футбол маусымының үздік бапкері: 1985/86 Әлемнің екінші бапкері: 1986 (версия World Soccer) Жылдың үздік Спорт бапкері: 1975 Украинадағы жыл бапкері (5): 1997, 1998, 1999, 2000, 2002
Марапаттар
«Құрмет белгісі» ордені (1971) «Украина қаһарманы» (15.05.2002) УЕФА ордені (қайтыс болған соң)
Дереккөздер
Сілтемелер http://www.national-football-teams.com/player/22339.html
Санат:КСРО футболшылары Санат:КСРО Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Украина футбол жаттықтырушылары Санат:Динамо Киев ФК ойыншылары Санат:Черноморец Одесса ФК ойыншылары Санат:Шахтер Донецк ФК ойыншылары Санат:Днипро ФК жаттықтырушылары Санат:Динамо Киев ФК жаттықтырушылары Санат:КСРО Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Кувейт Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:БАӘ Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Украина Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:КСРО футбол жаттықтырушылары