Жозе Марсело Салас Мелинао (; 24 желтоқсан 1974 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3415, Темуко, Чили) — чилилік футболшы, шабуылшы.

Мансабы Ұлттық құрама Чили Ұлттық футбол құрамасы сапында 1995, 1999 жылдары Америка кубогына, 1998 жылы әлем чемпионатына қатысқан. 1998 жылғы әлем чемпионатында төрт голдың авторы атанды, топтық кезеңнің бірінші турында Италияның қақпасына екі гол соқты. Бірақ жеңіске жете алмады, құрамалар тең тарқасты. Екінші турда да Аустриямен ойында Салас есеп ашты, бұл жолы да матч тең аяқталды.

1/8 финалда Чили 1:4 есебімен Бразилиядан ұтылды, чилиліктердің жалғыз голын Салас соқты. Осылайша Леонель Санчес екеуі 4 голмен Чили құрамасының әлем чемпионаттарындағы ең мерген футболшылары ретінде бірінші, екнші орындарды бөлісіп тұр.

Қазір туған клубы "Депортес Темуконың" президенті.

Жетістіктері Универсидад де Чили

Чили чемпионы: 1994, 1995

Ривер Плейт

Аргентина чемпионы: 1996 А, 1997 К,

Лацио

Италия чемпионы: 2000 Италия кубогы: 2000 Италия суперкубогы: 1998 Кубок иелері кубогы: 1999 УЕФА суперкубогы: 1999

Ювентус

Италия чемпионы: 2002, 2003 Италия кубогы: 2002 Италия суперкубогы: 2002

Жеке жетістіктері

Оңтүстік Американың үздік футболшысы: 1997 Аргентина чемпионатының үздік футболшысы: 1997

Дереккөздер

Сілтемелер Халықаралық карьерасы

Санат:Чили футболшылары Санат:Чили Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Универсидад де Чили ФК ойыншылары Санат:Лацио ФК ойыншылары Санат:Ривер Плейт ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары