Сесар Луис Менотти (, 5 қараша 1938 жылhttps://www.national-football-teams.com/player/31278.html, Росарио, Аргентина — 5 мамыр 2024) — аргентиналық футболшы, бапкер, шабуыл шебінде ойнаған.

Карьерасы Карьерасында Аргентина, АҚШ, Бразилия клубтарында ойнады. Аргентина Ұлттық футбол құрамасы сапында 11 кездесуде алаңға шықты, 1963 жылғы Америка кубогына қатысты.

1978 жылы Аргентина футбол құрамасының бас жаттықтырушысы ретінде әлем чемпионы атанды. 1979 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында да Аргентина құрамасын жаттықтырып, тағы да әлем чемпиондығына қол жеткізді. 1982 жылғы әлем чемпионатының қарсаңында Аргентина мен Англия Фолькленд аралдары үшін таласта жеңіліп қалды, бұл жеңіліс футболшылардың да рухын түсіріп кетті де, құрама екінші кезеңнен аса алмады.

Бір жылдан соң құрама бапкерлігінен кетті де, "Барселонаның" тізгінін ұстады. Бір маусымнан соң клуб басшыларымен өзара келісіп, клубтан кетті, "Анам өмірден өтті, оның үстіне Аргентинада демократия орнады, енді еліме қайтамын" деп түсіндірді бұл қадамын.

Бір жыл демалып, 1985 жылы Уругвайдың "Пеньяроль" клубын жаттықтырды, ұзамай ол жерден де кетті. 1987 жылы "Бока Хуниорс" жаттықтырушысы болды.

Дереккөздер

Сілтемелер Статистикасы Биографиясы Жетістіктері

Санат:Аргентина футболшылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Росарио Сентраль ФК ойыншылары Санат:Расинг Авельянеда ФК ойыншылары Санат:Бока Хуниорс ФК ойыншылары Санат:Сантос ФК ойыншылары Санат:Жувентуде ФК ойыншылары Санат:Аргентина футбол жаттықтырушылары Санат:Ньюэллс Олд Бойз ФК жаттықтырушылары Санат:Уракан ФК жаттықтырушылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Барселона ФК жаттықтырушылары Санат:Пеньяроль ФК жаттықтырушылары Санат:Бока Хуниорс ФК жаттықтырушылары Санат:Атлетико Мадрид ФК жаттықтырушылары Санат:Мексика Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Ривер Плейт ФК жаттықтырушылары Санат:Индепендьенте ФК жаттықтырушылары Санат:Сампдория ФК жаттықтырушылары Санат:Росарио Сентраль ФК жаттықтырушылары Санат:Пуэбла ФК жаттықтырушылары