Виорел Дину Молдован (; 8 шілде 1972https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/5519, Бистрица) — румыниялық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы. Румыния Ұлттық футбол құрамасында доп тепкен.

Карьерасы

Клубтық Румыния, Швейцария, Англия, Түркия, Франция, БАӘ чемпионаттарында доп тепті. Карьерасын 1990 жылы "Глория" клубында бастаған соң, 1993 жылы Бухарестің " Динамосына" ауысты.

Кейін біраз жыл Швейцария чемпионатында ойнады. Әсіресе "Ксамакс" сапында ерекше жарқырады, екі жыл қатарынан Швейцария чемпионатының үздік мергені атанды.

1998 жылдың басында "Ковентри Ситиге" ауысқанымен, Англия футболына көндіге алмады, ұзамай "Фенербахчеге" барды.

Халықаралық 1994 жылғы әлем чемпионатына барғанымен, алаңға шықпады, ал 1998 жылы Франциядағы мундиальда құраманың негізгі шабуылшыларының бірі болды. Бұл турнирде екі гол соқты, екінші турда Англия қақпасына жеңіс голын соқса, үшінші турда Тунис қақпасына соққа голы құрамаға бір ұпай әперді.

2000 жылғы Еуропа чемпионатында бірінші турда Германия қақпасына гол соғып есеп ашты, бірақ кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

2003 жылы құрамадағы карьерасын аяқтады.

Бапкерлік 2008 жылы бапкерлік жолын "Васлуй" клубынан бастады. Бір маусымнан соң "Брашов" клубының тізгінін ұстады.

2014 жылы Румыния құрамасының ббапкерлер алқасында жұмыс жасады, құрама араға сегіз жыл салып Еуропа чемпионатына жолдама алды.

Жетістіктері

Жеке

Швейцария чемпионатының үздік мергені: 1995/96 (Петар Александровпен бірге), 1996/97

Командалық

Швейцария чемпионы: 1996/97 Франция чемпионы: 2000/01 Франция суперкубогы: 2001 Руымния кубогы: 2006/07

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Румыния футболшылары Санат:Глория Быстрица ФК ойыншылары Санат:Динамо Бухарест ФК ойыншылары Санат:Ксамакс ФК ойыншылары Санат:Грассхопперс ФК ойыншылары Санат:Ковентри Сити ФК ойыншылары Санат:Фенербахче ФК ойыншылары Санат:Нант ФК ойыншылары Санат:Әл-Уахда Абу-Даби ФК ойыншылары Санат:Серветт ФК ойыншылары Санат:Рапид Бухарест ФК ойыншылары Санат:Румыния Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Румыния футбол жаттықтырушылары Санат:Васлуй ФК жаттықтырушылары Санат:Рапид Бухарест ФК жаттықтырушылары Санат:Осер ФК жаттықтырушылары