Жаушы жіберу салты — салт-дәстүрдің бірі. Қазақ халқында келін түсіру дәстүрі. Сондықтан болашақ жарды таңдауға үлкен жауапкершілікпен қарап, ата-аналар мен жақын туыстар ақылдаса отырып, «қыз көру», «жар таңдау» салтын ұстанған. Кей өңірлерде ежелден сақталған «жаушы жіберу» дәстүрі бар. Жаушы – жігіт жағының атынан қыздың ата-анасына барып, құда түсуге ұсыныс білдіретін сенімді адам. Ол қыздың ата-анасымен келіссөз жүргізіп, «қыз айттыру» рәсімін орындайды. Егер екі жақтың келісімі болса, құда түсу уақыты белгіленіп, екі әулет құдандалы болады.
Мысалдар Қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі бойынша жаушыны ерекше құрметпен қарсы алады. Арнайы дастарқан жайылып, мал сойылып, қонаққа табақ тартылады. Қыз бен оның ата-анасы келісімін берген жағдайда, жаушының ұсынысы қабылданып, екі жақ құдалыққа уағдаласады. «Құдалық берік болсын!» деген ізгі тілекпен жаушыға шапан жауып, сый-сияпат көрсетіп, ризашылықтарын білдіреді. Осыдан кейін жігіт жағы құда түсуге, ал қыз жағы қыз ұзату рәсіміне дайындық жұмыстарын бастайды.
Кей жағдайларда қыз ата-анасының келісімінсіз сүйген жігітіне қосылып кетуі мүмкін. Мұндай кезде жігіт жағы арнайы жаушы немесе хабаршы жіберіп, болған жағдайды ресми түрде хабарлайды. Олар қыздың өз қолымен жазылған хатын, кешірім сұраған сәлемін және дәстүр бойынша берілетін кәде-сыйларын жеткізеді. Қыздың өз еркімен барғанына көз жеткізу үшін оның туған-туыстары арасынан қуғыншы жіберіледі. Көбіне бұл міндетті қыздың ағасы мен жеңгесі атқарады.
Тарихы Қуғыншылар қыздың өз қалауымен барғанына толық көз жеткізген соң, оның шешімін құрметтеп, ата-анасына болған жағдайды жеткізеді. Өз кезегінде жігіт жағы қуғыншыларды құрметпен күтіп, сый-құрмет көрсетіп, қызға өз отбасындағы қызындай қамқорлық жасайтындарын білдіреді. Қуғыншылар елге оралғаннан кейін, олардың жеткізген хабарынан соң қыздың ата-анасы жаушыны құда ретінде қабылдап, кешірімін түсіністікпен қабылдайды. Бұл шешім жақын туыстарымен ақылдаса отырып қабылданып, кейін екі жақтың құдалық рәсімдері ресми түрде жалғасады. http://www.kuttybolsyn.kz/724-ylenu-toyynda-oryndalatyn-salt-dtrler.html
Дереккөздер
Санат:Қазақ салт-дәстүрлері