Сарыжал – Қалба жотасының солтүстік-батыс бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданы Қостөбе ауылының оңтүстік-батысында 22 км жерде, Шар жəне Қызылсу өзендерінің аралығында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 486 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 3 км-ге созылған, енді жері 1 км. Беткейі тіктеу, етегінде ұсақ шоқылар кездеседі. Олардың беткейлері жартасты.

Өсімдігі Таудың қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында қараған, ши аралас селеу, көде, бетеге өседі. Сай-жыралармен тілімденген беткей етегінде қайың, теректен тұратын шағын орман кездеседі.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;

Дереккөздер

Санат:Жарма ауданы таулары