Тони Моррисон (; туған кезде — Хлоя Арделия Воффорд ,; 18 ақпан 1931 жыл, Лорейн, Огайо — 5 тамыз 2019 жыл) — американдық жазушы. 1993 жылғы «өзінің арманшыл және поэтикалық романдарында американдық шындықтың маңызды аспектісін өмірге әкелген» жазушы ретінде әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегеріGrimes, William (October 8, 1993). "Toni Morrison Is '93 Winner of Nobel Prize in Literature". The New York Times. Retrieved June 11, 2007.. Президенттік «Бостандық» медалінің иегері.
Өмірбаяны Шын есімі: Хлоя Арделия Воффорд (), Огайо штатының Лорейн қаласында дүниеге келген. Жұмысшы отбасындағы төрт баланың екіншісі. Бала кезінен ол кітап оқуды жақсы көрді, оның сүйікті авторларының арасында Джейн Остин мен Лев Толстой болған. Оның әкесі дәнекерлеуші болып жұмыс істеген, бос уақытында қара нәсілді американдықтардың өмірінен әңгімелер айтуды ұнататын, бұл кейінірек жазушының кітаптарында көрініс тапты.
1949 жылы Моррисон Говард университетіне ағылшын тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түсті. Ол жерде ол «Тони» бүркеншік атын алып — оның екінші Энтони есімінің туындысы, оның айтуынша, ол 12 жасында католицизмді қабылдаған кезде берілген. Моррисон 1953 жылы бакалавр дәрежесімен университетті бітірді және 1955 жылы Корнелл университетінде Фолкнер мен Вирджиния Вулф романдарындағы суицид тақырыбына арналған магистрлік диссертациясының негізінде магистр дәрежесін алды. Оқуды бітіргеннен кейін ол , Хьюстонда, Техаста (1955—1957), содан кейін Ховардқа жұмысқа оралды.
1958 жылы ол өзінің курстасы, ямайкалық сәулетші Гарольд Моррисонға (Harold Morrison) үйленді. Тони мен Гарольдтың Гарольд пен Слейд атты екі баласы болды. Ерлі-зайыптылар 1964 жылы ажырасқан. Осыдан кейін Тони Сиракьюсқа көшіп, онда «Random House» фирмасында ғылыми редакторы болып жұмыс істеді. Бір жылдан астам уақыттан кейін ол Нью-Йорктегі Random House бас кеңсесінің редакторы қызметіне ауысты. Сонымен қатар, осы жылдары ол Йель университетінде және Бард колледжінде (Bard College) сабақ берді. Редактор ретінде Тони афроамерикалық әдебиеттің, атап айтқанда Генри Дюма (Henry Dumas) Toni Morrison, «On behalf of Henry Dumas», Black American Literature Forum, Vol. 22, No. 2, Henry Dumas Issue (Summer, 1988), pp. 310—312., Тони Кейд Бамбара (Toni Cade Bambara), Анджела Дэвис және Гейл Джонс (Gayl Jones) сияқты авторлардың танымал болуына үлес қостыVerdelle, A. J. (February 1998). «Paradise found: a talk with Toni Morrison about her new novel — Nobel Laureate’s new book, 'Paradise' — Interview». Essence Magazine..
Американдық жазушылардың II конгресінде Моррисон бұқаралық мәдениеттің үстемдігіне қарсы белсенді күресуге, американдық шындықты қатты сынай отырып, АҚШ әдебиетіндегі барлық демократиялық күштерді біріктіруге шақырды: «Қаһармандық үшін қозғалыс, 1981» (For the Heroic Movement).
1983 жылы Тони Моррисон баспадан кетті. 1984 жылы Олбанидегі Нью-Йорк мемлекеттік университетінде Альберт Швейтцер кафедрасының меңгерушісі болды. 1989 жылдан бастап ол Принстон университетінде Роберт Ф. Гоен кафедрасында қызмет етті. 2006 жылы зейнеткерлікке шықты.
Ол 2000 жылы АҚШ-тың ұлттық гуманитарлық медалімен марапатталды.
Американдық өнер және ғылым академиясының Эмерсон-Торо медалімен марапатталған (2016).
Фрэн Лебовицпен ұзақ жылдар дос болды.
Тони Моррисон 2019 жылы 5 тамызда Нью-Йоркте қайтыс болды.
Жазушылық Моррисон өзінің жазушылық мансабын бастауға Ховард университетіндегі жазушылар мен ақындардың бейресми үйірмесіне қатысу арқылы шабыттанды, оның мүшелері шығармаларын талқылау үшін жиналған болатын. Ол бір кездесуге көк көзді армандайтын қара қыз туралы әңгімемен келді. Бұл оқиға кейінірек Моррисонның бірінші «Ең көгілдір көздер» (1970) романына негіз болды.
1972 жылы «Сула» романын (), ол онда да жас негр әйелдің қиын тағдыры туралы айтады. 1973 жылы Сула АҚШ Ұлттық кітап сыйлығына ұсынылды.
1987 жылы ол 1988 жылы Пулитцер сыйлығын жеңіп алған «Сүйікті» романын жариялады.
Библиография Романдар
Құдай, баламды сақта ( ) (2016; ISBN 978-5-699-92111-9) Үй () (2012; ISBN 978-0-099-55594-0) Мейірімділік ( ) (2008; ISBN 978-0-307-26423-7) Махаббат ( ) (2003; ISBN 0-375-40944-0) Жұмақ ( ) (1999; ISBN 0-679-43374-0) Джаз ( ) (1992; ISBN 1-4000-7621-8 ) Сүйікті ( ) (1987; ISBN 1-4000-3341-1, Пулитцер сыйлығы) — Time журналының 1923 жылдан 2005 жылға дейін жарияланған ағылшын тіліндегі 100 үздік роман тізіміне енгізілген Шайырлы тұлып () (1981; ISBN 1-4000-3344-6) Сүлейменнің әні () (1977; ISBN 1-4000-3342-X) — марапаттары: Ұлттық әдебиет сыншылары қауымдастығы; Американдық өнер және әдебиет академиясы. Сула ( ) (1973; ISBN 1-4000-3343-8) Ең көкшіл көздер () (1970; ISBN 0-452-28706-5)
Балалар әдебиеті Кімде ойын бар?: Айна ма әлде шыны ма? (2007 жылы шығады) Кімде ойын бар?: Көкнәр немесе жылан?, (2004) Кімде ойын бар?: Құмырсқа немесе шегіртке, (2003) Кімде ойын бар?: Арыстан немесе тышқан?, (2003) Зұлым жандар кітабы, (2002) Үлкен қорап, (2002)
Әңгімелер «Recitatif» (1983)
Қойылымдар Армандаған Эмметт (1986 жылы қойылды)
Дереккөздер
Санат:Лақап есімімен танымал әдебиетшілер Санат:Корнелл университеті түлектері Санат:Азаттық президенттік медалінің иегерлері Санат:АҚШ жазушылары