Пайыздар () – торғайтәрізділер отрядының құнақ тұқымдасына жататын құс.

Қазақстанда 4 түрі бар: кәдімгі пайыз (C. carduelis) Көкшетау қыраты мен Алтайда; бозбас пайыз (C. caniceps) республиканың оңтүстігі мен шығысында кездеседі; жасылтауылжық (C. chloris); шымшық (C. spinus).

Осы 4 түрден басқа, соңғы ғылыми деректерге сай, Acanthis туысының Қазақстанда мекендейтін 4 түрі Carduelis туысына кіреді: шоңайнақ (C. cannabina); тау шоңайнағы (C. flavirostris); шекілдек (C. flammea); күл шекілдек (C. hornemanni).

Орманды, шабындықты жерлерді мекендейді. Қанатының ұзындығы 80 – 85 мм, салмағы 20 г-дай. Түсі әр түрлі. Маңдайы мен алқымы қызыл, төбесі қара, қанатында көлденең тартылған сары жолағы болады, жоны қоңыр. Өсімдік дәнімен, жәндіктермен қоректенеді. Ұясын ағаш басына салады. Көкшіл не жасыл түсті 4 – 6 жұмыртқа салып, оларды мекиені 12 – 13 күндей басады. Балапандары ұяда жарты айдай болады. Бір жазда 2 рет балапан өргізуі мүмкін. Пайызторғайлар арамшөптердің тұқымдарын, зиянкес жәндіктерді құртып, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.“Қазақ Энциклопедиясы”, V-том

Дереккөздер

Санат:Пайыздар