Гүлсім Әбдірахманқызы Досжанова (1946 жылы туған, Түркістан облысы, Түркістан қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1994), профессор (1996).

Ақмола мемлекеттік медицина институтын (1970, қазіргі Астана мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. 1972–80 ж. Ақмола мемлекеттік медицина институтында аспирант, ассистент, 1983–94 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) аға ғылыми қызметкер, 1994 жылдан Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады.

Досжанова 70-тен астам жарияланымның авторы.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том

Дереккөздер

Санат:1946 жылы туғандар Санат:Түркістанда туғандар Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Астана медицина университеті түлектері Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті оқытушылары Санат:Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы оқытушылары Санат:Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессорлары