Запорожье облысы () — Украинаның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі облыс. Днепр өзенінің төменгі ағысында орналасқан.

Батысында Херсон облысымен, солтүстігінде — Днепропетровск облысымен, шығысында — Донецк облысымен шектеседі, ал оңтүстігін Азов теңізі шайып жатыр.

Облыстың аумағы 27,1 мың км² (Украина бойынша 9-орын), 2022 жылдың басындағы халық саны 1,6 млн адам деп бағаланған (7-орын). Әкімшілік орталығы әрі ең ірі қаласы — Запорожье, басқа да ірі қалалары — Мелитополь, Бердянск, Энергодар және Токмак.

Облыс 1939 жылы Украин КСР-інің Днепропетровск облысынан бөлініп шығу арқылы құрылды. 1944 жылы облыстың батыс бөлігі бөлініп, Херсон облысы болып құрылды.

2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруі нәтижесінде облыстың бір бөлігі Ресейдің оккупациясына ұшырады. 2022 жылы 30 қыркүйекте Ресей облысты құрамына қосқандығын жариялады.

Кейде бүкіл облысты қате түрде Запорожье деп атайды. Алайда тарихи тұрғыдан бұл атау Запорожье облысының негізгі бөлігінен солтүстікте, қазіргі Днепропетровск облысы аумағында орналасқан өңірге қатысты қолданылған.

Физика-географиялық сипаттамасы Дереккөздер

Санат:Запорожье облысы Санат:Украина облыстары