Абдраманов Бахтиар (27 қыркүйек 1961, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, Қазақ КСР, КСРО) – инженер-механик, мұнай-газ саласының маманы. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (1984), Казақ-Қытай институтын (2011) бітірген.
Өмірбаяны Шиелі ауданының тұтынушы кооперациясында жұмысшы (1978 жылы «Свердловск мелиорация» бірлестігінде бас инженер (1984-1988 жж., Свердловск облысы, Режь қаласы), Қызылорда такси қызметі паркінде автоколонна, эксплуатация бөлімінің басшысы (1991 жылы), «Оңтүстік мұнай-газ» бірлестігінде бас инженер, басшының орынбасары, «Харрикейн Құмкөлмұнай» АҚ-та бөлім басшысы (1991-1998 жж.), «Құмкөл Көлік Қызметі» АҚ құрылтайшысы, президенті, бас директоры (2000-2015 жж.) қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта «Орта Азия Көлігі» ЖШС-ның құрылтайшысы. Сарыбұлақ, Қайнар кеніштерін ашып, жас мамандарды жұмыспен қамтуға, өңірдің экономикалық дамуына елеулі үлес қосуда. Қызылорда облысы мәслихатының 3-ші, 4-ші шақырылған (2003-2007 жж.) депутаты болып сайланған.СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024
Жетістіктері - 2019 жыл — Братиславадағы Еуропа кубогының жеңімпазы. - 2023 жыл — Ригадағы Еуропа кубогының жеңімпазы. - 2023 жыл — Загребтегі Grand Prix турнирінің қола жүлдегері. - 2024 жыл — Астанадағы Grand Slam турнирінің қола жүлдегері.
Марапаттары «Ерен еңбегі үшін» (2012) Шиелі ауданының құрметті азаматы (2020).
Дереккөздер
Санат:Шиелі ауданында туғандар Санат:М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті түлектері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері