Жози Бартель — Люксембургтың Люксембург қаласындағы стадион. Бұл 8 022 адамға арналған сыйымдылығы бар Люксембург Ұлттық футбол құрамасының үй алаңы. Бұл стадионда регби және жеңіл атлетикадан жарыстар өткізіледі.
Тарихы 1928–1931 жылдары салынған кезде бастапқыда "Муниципалды стадион" деп аталған, 1990 жылы толығымен қайта салынды. 1993 жылдың шілдесінен бастап стадион Люксембургтің жалғыз Олимпиада алтын медалінің иегері, 1952 жылғы Олимпиада ойындарында 1500 метрге жүгіруден алтын медаль жеңіп алған Жози Бартельдің атымен аталады. Стадион сонымен қатар елдегі ең үлкен жеңіл атлетика клубының, CAL Spora Luxembourg-тың үйі болып табылады.
Люксембург ұлттық футбол құрамасы "Жози Бартель" стадионындағы соңғы ресми ойынын 2021 жылдың 27 наурызында өткізді, 2022 жылғы Әлем біріншілігінің іріктеу кезеңінде Португалиядан 3-1 есебімен жеңілді.
Сілтемелер World Stadiums - Luxembourg
Дереккөздер
Санат:Люксембург спорт нысандары Санат:Люксембург стадиондары Санат:Стадиондар