Григорий Антонович Егоров (26 қараша 1891 жыл, Камаевка, Саратов губерниясы – 24 маусым 1963 жыл, Тирасполь) — эрзя журналисі, Мордва ұлттық баспасының негіздеушісі.

Өмірбаяны Егоров 1891 жылғы 26 қарашада, Саратов губерниясындағы Камаевка ауылында (қазіргі Лопатино ауданы, Пенза облысы) дүниеге келген. 1910 жылы емтихан тапсырған Егоров мұғалім атанды да, ауыл мектебінде оқытатын болды. Егоров Бірінші дүниежүзілік соғыс пен Ресейдегі азамат соғысына қатысты. 1923 жылдан 1927 жылға дейін ол Коммунистік партияда жұмыс істеді де, аймақтық газеттің эрзя тіліндегі нұсқасын шығарды. 1927 жылдан ол «Якстере Теште» («Қызыл Жұлдыз») газетінің редакторлар кеңсесінде қызмет етті. Егоровтың Максим Горький мен Николай Гогольдің еңбектерін эрзя тіліне аударғаны бар. 1963 жылғы 24 маусымда, Тираспольда ол қайтыс болды.

Дереккөздер

Әдебиет История Мордовии в лицах: Биографический сборник, Саранск, 1994. О. М. Савин. ЕГОРОВ Григорий Антонович / Пензенская энциклопедия. Баспасы: Научное издательство «Большая Российская энциклопедия», 2001.

Санат:Лопатино ауданында туғандар Санат:Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар Санат:Ресейдегі Азаматтық соғысқа қатысушылар Санат:КОКП мүшелері Санат:Алфавит бойынша журналистер Санат:КСРО журналистері Санат:XX ғасыр журналистері Санат:Эрзя тіліне аудармашылар Санат:Орыс тілінен аудармашылар