Алтынкөл () — —Өзбекстанның Әндіжан облысы Алтынкөл ауданының әкімшілік орталығы. Халқы: 6500 мың адам (2001).

Алтынкөл ауылдық елді мекені Батыс Өзбекстанда, Ферғана алқабында аудан орталығында орналасқан. Қарадария өзенінің оңтүстік (оң) жағалауында, Әндіжан облыс орталығынан 10 шақырым жерде. Ауылға ең жақын теміржол стансасы да сол жерде орналасқан. Ауылдың төңірегінде халық тығыз орналасқан, табиғи шөлейт аймақтар жоқ. Өзінің ерекше субтропиктік климаты мен құнарлы топырағы бар Ферғана алқабы негізгі егіншілік аймағы болғандықтан, Алтынкөлдің айналасы егістіктер мен жайылымдық жерлермен қоршалған.

Алтынкөл шағын елді мекен болғанымен, мұнда негізгі қызмет көрсету және әкімшілік мекемелер, сонымен қатар ауданның негізгі білім беру және емдеу мекемелері орналасқан. Ауылда сауда, шағын бизнес, қызмет көрсету саласы дамып келеді. Алтынкөл тұрғындарының біразы Әндіжанда жұмыс істейді.

Жалпы білім беретін және бастауыш мектептер, мектеп-интернат, музыка және өнер мектебі, кәсіптік колледждер, орталық кітапхана, мәдениет үйі, мәдениет және демалыс саябағы, аурухана, емхана, дәріхана қызмет етеді.

Дереккөздер

Санат:Әндіжан облысы елді мекендері