Байқау комедиясы () — күнделікті өмір қырларына, әсіресе оның кішкене ғана егжей-тегжейлерге және бүкіл адамға ортақ нәрселеріне негізделген әзіл түрі. Байқау комедиясында комиктер бүкіл аудитория танитын, бірақ жиі талқыламайтын нәрселер жайлы қалжыңдайды, оларды «байқайды».
Тарихы Байқау комедиясы Америка Құрама Штаттарында 1950 жылдары танымал болды делінсе де, ұқсас комедия біраздан бері де бар деген пікірлер айтылады. Шелли Берман байқау комедиясының алғаш жол салушысы делінеді. Өзге ұқсас ықпалды комиктер қатарында Джордж Карлин мен Джерри Сайнфелд айтылады.
Қазақстандағы байқау комедиясының пионері деп Тұрсынбек Қабатовты, әсіресе жеке концерттерін, айтсақ болады.
Дереккөздер
Санат:Комедия жанрлары Санат:Бақылау Санат:Стендап-камеди