Нағима Әбзелбекқызы Ілиясова (7 қазан 1968, Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Көкдөнен ауылы) — филология ғылымының докторы (2012).
Еңбек жолдары 1993 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін бітірген. 1993-2011 жылдары осы университетте, 2011 жылдан Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ғылыми-педагогикалық жұмыспен айналысады. "Қазіргі қазақ тіліндегі қатысымдық бірліктер: когнитивтік аспектісі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми бағыты – қазақ тілінің синтаксисі, коммуникативті лингвистика. 40-тан астам ғылыми еңбектің, 1 монография мен 5 оқу құралының авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары