Орынай Сағынғалиқызы Жұбаева — филология ғылымының докторы (2010).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1970 жылы 22 тамызда Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентінде туған.

Алматы мемлекеттік университетін (1994, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) жəне Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Тіл білімі институтының аспирантурасын (2001) бітірген. М. Өтемісұлы атындағы облыстық драматеатрында редактор (1987-89), Алматы мемлекеттік медицина университетінде лаборант, оқытушы (1994-95 қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті), Қазақ ұлттық техникалық университетінде оқу бөлімінің, мамандар бөлімінің қызметкері, оқытушы (1995-98), "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік ойынының сарапшысы (2002-12), Тіл білімі институтында аға ғылыми қызметкер (2002-07), Алматы қаржы-экономика жəне құқық колледжінде оқытушы (2004-05), Дарынды балаларға арналған республикалық қазақ тілі мен əдебиетін тереңдетіп оқытатын орта мектеп-интернатында мұғалім (2008-09), 2007 жылдан Тіл білімі институтында бөлім меңгерушісі, Ғылыми кеңестің мүшесі, 2011 жылдан Қазақ ұлттық университеті жанындағы диссертация қорғау жөніндегі ғалымдар кеңесінің мүшесі.

Ғылыми еңбектері Негізгі ғылыми бағыты қазақ тіл білімінің тарихы, функционалды грамматика, қазақ тіліндегі квалитативті-квантитативті функционалды-семантикалық өрістер, когнитивті лингвистика, түркі тілдерінің грамматикалық құрылысындағы антропоөзектілік пен этноөзектілік көріністері, грамматикадағы дүниенің тілдік бейнесінің көрінісі, грамматикалық теориялардың дамуы жəне т.б. мəселелерді зерттеуге арналған. "Қазақ тілі грамматикалық категорияларының анотропоөзектілігі" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

Марапаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жас ғалымдарға арналған стипендиясының (2002; 2005) иегері; "Тіл жанашыры" төсбелгісі (2010).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Грамматика бөлімінде жұмыс істеген ғалымдар.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары