Зинаида «Зина» Мартыновна Портнова (; 20 ақпан 1926 жыл, Ленинград – 10 қаңтар 1944 жыл, Полоцк) — Ұлы Отан соғысы кезіндегі жас партизан, кеңес жерасты қозғалысының қатысушысы, пионер-батыр. 1958 жылы қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атанды.Зинаида Портнова естелігіне

Өмірбаяны Зинаида Портнова 1926 жылғы 20 ақпанда Ленинград қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1941 жылға дейін 7 сыныпты аяқтаған. 1941 жылғы маусымның басында ол жазғы демалысқа Беларусьтегі Витебск облысындағы Зуи ауылына келген. Сол жылы Германияның Кеңес Одағына шабуылынан кейін бұл аймақ неміс әскерінің бақылауына өтті.

Партизандық қызметі 1942 жылдан бастап Зинаида Портнова жасырын ұйым құрамына кірді. Ұйымды кейін Кеңес Одағының Батыры атанған Ефросинья Зенькова басқарған.

Жерасты қозғалысында Зина: халық арасында үгіт парақтарын тараттып, неміс әскеріне қарсы диверсияларға қатысты.

Неміс офицерлері оқитын асханада жұмыс істеп жүріп, ол жерасты ұйымының тапсырмасымен тамаққа у қосқан. Кейін немістер күдіктілерді тексергенде, ол өзіне күдік түспеу үшін сол уланған сорпадан өзі де ішкен. Ауыр халге түскенмен, тірі қалған.

1943 жылғы тамыздан бастап Зинаида партизандық К. Е. Ворошилов атындағы отрядта барлаушы болды.

Тұтқынға алынуы және ерлігі 1943 жылғы желтоқсанда тапсырмадан қайтып келе жатқанда Зинаида ұсталып, Гестапоға жеткізілді. Тергеу кезінде ол ешқандай мәлімет бермеген.

Тергеу барысында үстелдегі тапаншаны тартып алып, тергеушіні және тағы екі неміс әскери қызметкерін атып өлтірді. Қашуға әрекет жасағанымен, қайтадан ұсталды.

Одан кейін бір айдан астам уақыт бойы қатты азаптауларға ұшырады, бірақ партизандар туралы ешқандай мәлімет бермеді.

Өлімі Зинаида Портнова 1944 жылғы 10 қаңтар күні Полоцк қаласының түрмесінде атып өлтірілді. Ол кезде небәрі 17 жаста еді.

Марапаттары 1958 жылы 1 шілдеде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен Зинаида Портноваға Кеңес Одағының Батыры атағы (қайтыс болғаннан кейін) берілді, сондай-ақ Орден Ленина және Алтын жұлдыз медалімен марапатталды.

Еске алу нобай|оңға|250x250 нүкте|Портнованың есімі Санкт-Петербург қаласының Киров ауданындағы көшелердің біріне берілген

Дереккөздер

Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар