«Бастардтар шайқасы» () — HBO арнасының фэнтези жанрндағы Тақтар таласы атты телехикаясының алтыншы маусымының тоғызыншы эпизоды және бүкіл сериал бойынша 59-эпизод. Эпизодтың сценарийін сериалдың авторлары Дэвид Бениофф пен Д. Б. Уайсс жазған, ал режиссері — Мигель Сапочник. Премьерасы 2016 жылғы 19 маусымда өтті.

«Бастардтар шайқасы» сериалдағы барлық эпизодтардың ішінде ең жоғарғы бағаға ие болды (IMDb сайтында 100% мақұлдау алған). Сыншылар Солтүстіктегі шайқастың телевизия тарихында бұрын-соңды болмаған ауқымдылығын ерекше атап өтті; кейбіреулер оны Сақиналар әміршісі кинотрилогиясындағы шайқас көріністерімен салыстырды. Сондай-ақ рецензенттер эпизодтың басында Дейенеристің айдаһарларымен қайта қауышуын жоғары бағалап, оны «әсерлі» деп атады.

Бұл эпизод арқылы Тақтар таласы сериалы «Эмми» марапатының 68-церемониясында бірнеше номинацияға ие болды. Соның ішінде: ең үздік режиссура, ең үздік сценарий (драмалық сериал үшін). Ал Кит Хариңтон (Джон Сноу) осы эпизодты өзі қатысқан «екінші пландағы үздік ер актер» номинациясына ұсынды.

Сюжет (Миэринде): Миэринде Дейенерис Таргариен мен Тирион Ланнистер құл саудагерлердің флотына қарсы күрес жоспарын талқылайды. Кейін Дейенерис, Тирион, Миссандея және Сұр Құрт құл иеленушілермен кездеседі. Олар Дейенериске берілудің шарттарын ұсынады. Бірақ Дейенерис керісінше, дәл осы жерде құл иеленушілердің өздерінің берілу шарттары талқыланатынын айтады. Сол сәтте олардың жанына айдаһар Дрогон қонады. Серіктеріне ұйымдастыру жұмыстарын тапсырып, Дейенерис Дрогонның үстіне мініп, шығанаққа ұшады. Оған Рейгаль мен Визерион қосылады. Үш айдаһар Дейенеристің белгісімен құл саудагерлердің флотын өртеп жібереді. Осыдан кейін Тирион құл иеленушілерге Дейенеристің олардың біреуін қылмыстары үшін жазалау ретінде өлтіруді бұйырғанын айтады. Құл иеленушілер төмен текті болғандықтан Еззанды ұсынады. Алайда Сұр Құрт қалған екі құл иеленушіні өлтіреді, ал Тирион Еззанға басқа құл иеленушілерге Дейенеристің күшін жеткізуді бұйырады. Сол уақытта Даарио Нахарис дотракий әскерінің басында Гарпия Ұлдары тобына шабуыл жасап, оларды толық жояды. Осылайша, қаруланбаған қала тұрғындарына жасалған шабуылдар тоқтатылады.

Кейін Дейенерис Таргариен мен Тирион Ланнистер Теон Грейджой мен Яра Грейджоймен кездеседі. Ағайынды екеуі Дейенериске өз флотын ұсынады: егер ол Темір таққа отырғаннан кейін оларға Эурон Грейджойды құлатуға көмектесіп, Темір аралдарға тәуелсіздік берсе. Дейенерис Яра Грейджойға көмектесуге келіседі, бірақ бір шарт қояды: темірліктер бұрынғыдай шапқыншылық жасап, зорлық-зомбылық пен тонауды тоқтатуы тиіс. Яра бұл шартқа амалсыздан келіседі.

Дереккөздер

Санат:Мұз бен от жыры Санат:Ойдан шығарылған шайқастар