Өткір би (Өткір сопы, ; 1743, Бұхара, Бұхара хандығы – 1812, Бұхара, Бұхара әмірлігі) — мемлекет және әскери қайраткері, Бұхара әмірлігінің жоғарғы құшбегісі — бас уәзірі (1790—1812).
Шығу тегі Өткір би шығу тегі жағынан өзбектің маңғыт руынан болған, Бұхара қаласында дүниеге келген.
Саяси және әскери қызметі Шахмұрат әмірдің билігі кезінде (1785–1800) жоғарғы құшбегі Өткір би үлкен ықпалға ие болды. Шахмұрат әмір науқастанған уақытта, тақты оның көптеген ұлдарының бірі — Хайдарға (1800–1826) тапсыруды дәл осы Өткір би ұсынған болатын.Анке фон Кюгельген. Легитимизация среднеазиатской династии мангитов в произведениях их историков (XVIII–XIX вв.). — Алматы: Дайк пресс, 2004. — С. 279.
Хайдар әмірдің тұсында Өткір құшбегі өз лауазымын сақтап қана қоймай, бұл қызметке өзінің ұлы Мұхаммед Хәкім биді тағайындатуға қол жеткізді.
Бұхараның Равгангарон орамында (басқа деректер бойынша, Мусурмон-энага орамында) Өткір құшбегі медресесі деген атпен танымал болған үлкен екі қабатты медресе болды.
Өткір құшбегі Бұхарада қайтыс болды.
Әдебиет Анке фон Кюгельген. Легитимизация среднеазиатской династии мангитов в произведениях их историков (XVIII–XIX вв.). — Алматы: Дайк пресс, 2004. Ахмад Дониш. История мангитской династии. — Душанбе: Дониш, 1967.
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша саясаткерлер Санат:Бұхара құшбегілері Санат:Қаршы бектері