Анар Абайханқызы Мұқашева — заң хылымының докторы (2010).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1973 жылы 11 қыркүйекте Семей қаласында туған.

Қазақ ұлттық университетін (1995) жылы бітірген. 2004-10 жылдары Семей мемлекеттік педагогикалық институтында доцент, Қазақ гуманитарлы-заң инновациялық университетінің кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2010 жылдан Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі.

Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – Қазақстандағы су мәселесін зерттеу. "Теоретические и методологические проблемы водного права Республика Казахстан в современных условиях" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 50-ден астам ғылыми еңбектің, 6 оқулық және оқу-әдістемелік құралдың авторы.

Марапаттары Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2009); Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Заң ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері