Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ — 2006 жылғы 28 қыркүйектегі Жамбыл облысы әкімдігінің №267 қаулысына сәйкес құрылған. Орталық заңды тұлға мәртебесіне ие және өңірде мемлекеттік тіл саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқан маңызды мекемелердің бірі болып табылады.

Негізгі қызметі Орталықтың негізгі міндеттері – мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді заманауи оқыту технологиялары негізінде үйрету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін өзге этнос өкілдеріне меңгерту, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асыруға үлес қосу. Бұл міндеттерді орындау барысында орталық әдістемелік жаңашылдықтарға, практикалық нәтижеге және тыңдаушылардың тілдік қажеттіліктеріне ерекше мән береді. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау. Мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік және халыққа қызмет көрсету салаларының қызметкерлеріне, сондай-ақ басқа топтағы тұрғындарға тілдерді оқыту, қажетті материалдық-техникалық, оқу, оқу-әдістемелік жағдай жасау, оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.

Бөлімдері Тілдерді оқыту орталығы Тараз қаласында және облыстың 8 ауданында (Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Сарысу, Талас, Тұрар Рысқұлов, Шу) өз бөлімшелері арқылы қызмет көрсетеді. Мекеме құрылымы 5 негізгі бөлімнен тұрады: Әкімшілік және қаржы бөлімі; Тілдерді оқыту бөлімі; Латыннегізді және KAZTEST бөлімі; Ғылыми-әдістемелік бөлім; Ақпараттық-ұйымдастыру бөлімі.

Көрсеткіштері 2014 жылдан 2025 жылдың бірінші жартыжылдығын қоса алғанда, қазақ тілі курстарынан 40 928 тыңдаушы білім алды. Оның ішінде 85,2% (34 850 адам) өзге этнос өкілдерін құрайды. Сонымен қатар, орыс тілі курстарынан 2 977 адам, ал ағылшын тілі курстарынан 11 167 адам өтті. Бұл көрсеткіштер орталық қызметінің ауқымын және өңір тұрғындары арасындағы тіл үйренуге деген сұраныстың жоғары екенін айқын көрсетеді.

Дереккөздер

Санат:Жамбыл облысының мемлекеттік мекемелері