Дельта Гудрем (, 9 қараша 1984, Сидней, Жаңа Оңтүстік Уэльс) — аустралиялық әнші, актриса. 15 жасында Sony компаниясымен алғашқы келісімшартқа қол қойған Гудрем 2002 жылы Көршілер телесериалында Нина Таккер рөлін сомдап танымал болды. Осыдан кейін табысты музыкалық мансабын бастады. Аустралия атынан Eurovision ән байқауы 2026 Венада қатысып, қорытындысында 4-орын алды.
Өмірбаяны Дельта Гудремның алғашқы альбомы Innocent Eyes 2003 жылы жарық көрді. Альбомның едәуір бөлігі Кэти Денниспен бірлесіп жазылған. Миллионнан астам данамен сатылып, 29 апта бойы Австралия чартында көш бастады, Ұлыбританияда 2-орынға дейін көтерілді. Екінші альбом Mistaken Identity (2005) жұмысында Гудрем Гэри Барлоу және продюсер Гай Чемберс сияқты авторлармен бірге жұмыс істеді. Үшінші альбом Delta жазу барысында Брайан МакФадден, Стюарт Крайтон және Томми Ли Джеймспен жұмыс істеді. 2008 жылға қарай оның әлем бойынша сатылған альбомдарының жалпы саны 5 миллионнан асты.
Дельта Гудремға 2003 жылы Ходжкин лимфомасы диагнозы қойылды. Емделу курсын сәтті аяқтағаннан кейін уақытының едәуір бөлігін қайырымдылық қызметке арнады. Атап айтқанда, онкологиялық ауруға шалдыққан жасөспірімдерге көмектесуге бағытталған арнайы қайырымдылық сайтты құруға белсенді қатысты.
Жеке өмірі Дельта Гудрем актер әрі әнші Ник Джонаспен қарым-қатынаста болған; Гудремнен 8 жас кіші.Nick Jonas and Delta Goodrem Take Hand in Hand Stroll Around Sydney — Celebuzz! 2012 жылғы 20 ақпанда Celebuzz, The Telegraph, 9 News және Herald Sun олардың ажырасқанын растады.Nick Jonas Splits with Girlfriend Delta Goodrem — Celebuzz! Қарым-қатынастарын өзара келісіммен аяқтаған. Қазіргі уақытта екеуі де мансаптарына көңіл бөліп, бөлек жолмен дамып келеді, бірақ достық қатынасты сақтап, бір-біріне болашақта сәттілік тілейді.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Сиднейде туғандар Санат:Аустралия әншілері Санат:Аустралия актрисалары Санат:XXI ғасыр актрисалары Санат:Сопрано Санат:Аустралия ордені мүшелері Санат:MTV Video Music Awards жеңімпаздары Санат:Sony Music Australia орындаушылары Санат:Eurovision ән байқауындағы Аустралия өкілдері Санат:Eurovision ән байқауы 2026 қатысушылары