Александр Константинович Протозанов (15 тамыз 1914, Киев, Киев губерниясы, Ресей империясы — 2 ақпан 2006, Мәскеу, Ресей) — кеңестік партия және мемлекет қайраткері. Түмен облыстық атқару комитетінің төрағасы (1960–1963), КОКП Түмен өнеркәсіптік облыстық комитетінің бірінші хатшысы (1963–1964), Қазақстан Коммунистік партиясы Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы (1969–1983).
Өмірбаяны Александр 1914 жылы 15 тамызда Киев қаласында дүниеге келді.
1933—1934 жылдары Киев индустриалды институтындағы жұмысшы факультетінің тыңдаушысы болды.
1934—1939 жылдары М.И. Калинин атындағы Мәскеу түсті металдар және алтын институтында оқыды (1941 жылы бітірді).
1939—1940 жылдары Мәскеу қаласы Ленин аудандық БЛКЖО комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді.
1940—1941 жылдары БК(б)П ОК жанындағы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы болды.
1941 жылдың ақпанынан — 1943 жылдың сәуіріне дейін Алтай өлкесіндегі БК(б)П Ельцов аудандық комитетінің 2-хатшысы қызметін атқарды.
1943 жылдың сәуірінен — 1943 жылдың тамызына дейін БК(б)П Алтай өлкелік комитетінің тау-кен бөлімі меңгерушісі болып істеді.
1943—1944 жылдары тағыда БК(б)П ОК жанындағы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы болды.
1944 жылдың қыркүйегінен — 1948 жылдың ақпанына дейін Беларусь К(б)П ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып еңбек етті.
1948 жылдың ақпанынан — 1948 жылдың тамызына дейін БК(б)П ОК партия органдарын тексеру басқармасының ақпаршы лауазымында мехнат қылды.
1948 жылдың тамызынан — 1950 жылдың сәуіріне дейін партия, кәсіподақ және комсомол органдары бөлімінің нұсқаушысы болып күн көрді.
1950 жылдың сәуірінен — 1952 жылдың қаңтарына дейін БК(б)П ОК Әкімшілік бөлімінің сектор меңгерушісі болып еңбектенді.
1952 жылдың қаңтарынан — 1957 жылдың маусымына дейін КОКП Ұдмұрт облыстық комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді.
1957—1958 жылдары КОКП Ұдмұрт экономикалық әкімшілік ауданындағы халық шаруашылығы кеңесі төрағасының 1-орынбасары қызметін атқарды.
1958 жылдың қаңтарынан — 1960 жылдың қаңтарына дейін КОКП Түмен облыстық комитетінің хатшысы болып істеді.
1960 жылдың қаңтарынан — 1962 жылдың желтоқсанына дейін Түмен облыстық еңбекшілер депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып еңбек етті.
1963 жылдың қаңтарынан — 1964 жылдың желтоқсанына дейін КОКП Түмен өнеркәсіптік облыстық комитетінің 1-хатшысы лауазымында мехнат қылды.
1964 жылдың желтоқсанынан — 1969 жылдың қыркүйегіне дейін КОКП Түмен облыстық комитетінің 2-хатшысы болып күн көрді.
1969 жылдың 10 қыркүйегінен — 1983 жылдың 19 желтоқсанына дейін Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің 1-хатшысы болып еңбектенді.
1976 жылдың 5 наурызынан — 1986 жылдың 25 ақпанына дейін КОКП ОК мүшелігіне кандидат болды. 1976-XXV, 1981-XXVI.
1983 жылдың желтоқсанда зейнетке шықты.
1984—1990 жылдары РКФСР Министрлер Кеңесі жанындағы кеңесші болды.
1997 жылы «Батыс Сібір жерлестігі» қоғамдық ұйымы Мұнай және газ жөніндегі ғылыми-техникалық кеңесінің консультантыАшимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008.
Мәскеудегі Кунцево зиратында жерленді.
Естелік Оның есімі Түмен мен Өскемен қалаларындағы көшелерге, сондай-ақ Түмен облысының Уват лицензиялық учаскесіндегі «Протозановское» мұнай кен орнына берілген.
Әдебиет
Дереккөздер
Сілтемелер Александр Протозанов. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы.
Санат:КОКП Түмен облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Түмен облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары Санат:Өскеменнің құрметті азаматтары Санат:КОКП ОК мүшелігіне кандидаттар Санат:РКФСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:РКФСР Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары Санат:РКФСР Жоғарғы Кеңесінің 9-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары Санат:КОКП Түмен облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:КОКП XXII съезінің делегаттары Санат:КОКП XXIII съезінің делегаттары Санат:КОКП XXIV съезінің делегаттары Санат:КОКП XXV съезінің делегаттары Санат:КОКП XXVI съезінің делегаттары