«Perfect Day» () — 1972 жылы Лу Рид жазған және оның Transformer альбомында жарық көрген ән. Гитара мен фортепиано аранжировкасын Мик Ронсон орындап, ол сонымен қатар альбомның продюсері ретінде де өнер көрсетті. Синглдің екінші продюсері болған Дэвид Боуи синтезатор партиясын жазды.

Британдық New Musical Express журналы бұл композицияны «барлық уақыттағы 500 ұлы ән» тізіміне енгізіп, оны 269-орынға жайғастырды.

Туынды 1996 жылғы «Ине үстінде» фильмінің саундтрегінде шырқалды.

Басқа орындаушылар Duran Duran тобының орындауындағы ән нұсқасы (олардың Thank You альбомына енген) 1995 жылы UK Singles Chart-та 28-орынға көтерілді.

«Perfect Day» әні Сьюзан Бойлдың The Gift альбомының беташар туындысы болып табылады.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:1972 жылғы әндер Санат:1995 жылғы синглдер Санат:1997 жылғы синглдер Санат:1998 жылғы синглдер Санат:2010 жылғы синглдер Санат:Лу Ридтің әндері Санат:Лу Рид жазған әндер Санат:Duran Duran әндері Санат:Кирсти МакКоллдың әндері Санат:Патти Смиттің әндері Санат:Сьюзан Бойлдың әндері Санат:Дэвид Боуи продюсерлік еткен әндер Санат:UK Singles Chart чартын басқарған әндер Санат:Ирландия чартын басқарған әндер Санат:Норвегия чартын басқарған әндер